Sony BDV-N7100W Bedienungsanleitung Seite 78

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 88
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 77
4
KZ
3D бейне кескіндерін көрген
кезде
Кейбір адамдар 3D бейне кескіндерін көріп
отырғанда қолайсыздықты (мысалы, көздің
талуы, шаршауы немесе жүрек айнуы)
сезінуі мүмкін. Sony 3D бейнекескіндерін
көріп отырған кезде барлық көрерменнің
тұрақты түрде үзіліс алуына кеңес береді.
Қажетті үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі
адамға байланысты əр түрлі болады.
Ең дұрысын шешіп алуыңыз керек. Егер
қолайсыздықты сезінсеңіз, қолайсыздық
кеткенше 3D бейнекескіндерін көруді
тоқтату керек; қажетті екеніне сенімді
болсаңыз, дəрігермен ақылдасыңыз.
Сондай-ақ ең соңғы ақпаратты (i)
пайдаланылып жатқан басқа құрылғының
нұсқаулығынан жəне/не сақтық шаралар
туралы хабарламасынан немесе осы өнімде
ойнатылып жатқан Blu-ray Disc мазмұнынан
жəне (ii) біздің веб-сайтымыздан
(http://esupport.sony.com/) қарау керек.
Жас балалардың (əсіресе алты жасқа
толмағандардың) көру қабілеті əлі даму
үстінде болады. Балаларыңызға 3D
бейнекескіндерін көруге рұқсат етпестен
бұрын, дəрігерімен (мысалы, педиатр
немесе окулис) ақылдасыңыз.
Ересектер жоғарыда берілген ұсыныстарды
орындауы үшін балаларын қадағалауы керек.
Көшірмеден қорғау
•Blu-ray Disc жəне DVD құралында
пайдаланылатын қосымша мазмұн қорғау
жүйелері туралы ақыл-кеңес алыңыз.
AACS (мазмұнға қосымша өту жүйесі)
жəне CSS (мазмұн шифрлау жүйесі) деп
аталатын бұл жүйелерде ойнатуға,
аналогтік шығысқа жəне басқа ұқсас
мүмкіндіктерге қатысты біраз шектеулер
болуы мүмкін. Бұл өнімнің жұмысы жəне
қойылған шектеулер сатып алынған
күнге байланысты əр түрлі болуы мүмкін,
себебі AACS басқару тақтасы сатып
алынған уақыттан кейін шектеулерін
қабылдауы не өзгертуі мүмкін.
• Cinavia туралы мəлімет
Бұл өнім кейбір коммерциялық жолмен
жасалған фильмнің жəне олардың
тректерінің рұқсатсыз көшірмелерінің
пайдаланылуын шектеу үшін Cinavia
технологиясын пайдаланады. Рұқсатсыз
көшірменің тыйым салынған пайдалануы
анықталғанда, хабар пайда болады жəне
ойнату пен көшіру тоқтатылады.
Cinavia технологиясы туралы қосымша
ақпарат Cinavia онлайн тұтынушыларының
ақпараттық орталығында келесі веб-сайтта
берілген http://www.cinavia.com. Cinavia
туралы қосымша ақпаратты электрондық
поштамен сұрау үшін мына мекенжайға
ашықхат жіберіңіз: Cinavia Consumer
Information Center, P.O. Box 86851,
San Diego, CA, 92138, USA.
Авторлық құқықтар және
сауда белгілері
Бұл жүйе Dolby* Digital, Pro Logic
Surround жəне DTS** Digital Surround
System жүйелерін біріктіреді.
* Dolby Laboratories берген лицензия
бойынша жасалған. Dolby, Pro
Logic жəне қос D таңбасы — Dolby
Laboratories сауда белгілері.
** Мына АҚШ патент нөмірлерімен
берілген лицензия бойынша
жасалған: 5,956,674; 5,974,380;
6,226,616; 6,487,535; 7,212,872;
7,333,929; 7,392,195; 7,272,567 жəне
басқа шығарылған жəне аяқталмаған
АҚШ жəне əлемдік патенттер.
DTS-HD, Symbol & DTS-HD жəне
Symbol — DTS, Inc тіркелген сауда
белгілері. Өнімге бағдарламалық
құрал кіреді. © DTS, Inc. Барлық
құқықтары қорғалған.
Seitenansicht 77
1 2 ... 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 ... 87 88

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare